Мына өмiр серуен десек те – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Мына өмiр серуен десек те» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 721
Мына өмiр серуен десек те,
Дәл қазiр қызықтан алыспыз.
Купеде, үстiңгi төсекте,
Ұйықтап жатыр бiр орыс қыз.
Көздерiн кiрпiгi көмкерiп,
Пысылдап жатқаны сүйкiмдi.
Сан ойлар санамды төңкерiп,
Ұрлады менiң де ұйқымды.
Бұлт ауып, батысқа күн көшкен,
Уақыттың бiлiнбей дерегi.
Ал пойыз ештеңе бiлместен,
Сол қызды тербетiп келедi.
Осыдан дәл екi ай бұрын,
Өзiмдi түсiнбес шақта мен,
Жанымның жандырып ай-күнiн,
Сол жерде сен ұйықтап жатқан ең...
Сезiм кеп жанымды кеш өптi,
Сағыныш өзiңе iзгi анық.
Купенi, үстiңгi төсектi,
Келемiн сол қыздан қызғанып...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері