Жазғырмаймын жүректi сенгенi үшiн

Бұл бетте «Жазғырмаймын жүректi сенгенi үшiн» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 520
Жазғырмаймын жүректi сенгенi үшiн,
Ақыл емес, сезiммен сенделiсiн.
Күнде көрем сол қызды,
көрген сайын,
Бiр бұлқынып қалады кеуде тұсым.
Баяғыша сөзi де, қылығы да,
Әлi шолпы тақпайды бұрымына.
Тiк қарайды адамға бұрынғыша,
Мүмкiн емес көзiнен сыр ұғу да.
Қатар жүрiп, арамыз алыс қанша...
Селт етпеймiн iштегi дауысқа онша.
Сөйлесемiз достардай ашық-жарқын,
Әзiлдесiп қоямыз таныстарша.
Көремiн ғой кездессе алдан бәрiн,
Жүре берем аралап арман бағын.
Өкiнiш сол – сәт сайын сөнiп жатыр,
Көкiрегiмде сол жанға жанған жалын.
Аңдап қарап тiрлiктiң тербелiсiн,
Алға басам сырғымай, өрлеу үшiн...
Күнде көрем сол қызды,
көрген сайын,
Ақылыма көнбейдi кеуде тұсым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазғырмаймын жүректi сенгенi үшiн өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Жазғырмаймын жүректi сенгенi үшiн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазғырмаймын жүректi сенгенi үшiн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есей Жеңісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазғырмаймын жүректi сенгенi үшiн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері