Аққұм

Бұл бетте «Аққұм» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 923
Еріндерін кезеріп,
Қатігездей безеріп,
Сан ғасырлар жаттыңдар,
Толқынындай өзеннің.
Сан ғасырлар ақтыңдар,
Өркеш-өркеш аққұмдар!
Толқындардай тасынған,
Аққұм, сонда шашылған,
Шуақ қандай,
таң қандай!
Тағдырыма бас ұрған,
Бір-бір төбе армандай,
Шегіп жатқан нарлардай!
Күйші құмдар, ән құмдар,
Жал-жал құмдар, жал құмдар,
Басын сүйеп ұлы көк.
Өркеш-өркеш нар құмдар,
Дүрліктіріп құдірет,
Көшіп жатқан сурет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққұм өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Аққұм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққұм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққұм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері