Бұл жолы көп қинады, ойланды Өлең –
Есей Жеңісұлы
Бұл бетте «Бұл жолы көп қинады, ойланды Өлең» атты Есей Жеңісұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.
Бұл жолы көп қинады, ойланды Өлең,
Жатқан-ды жүрегiмде қайнауменен...
Желкенiн желге төсеп кеттi-ау жүзiп,
Мезгiлсiз қайырлатып қойған кемем.
Бей-жаймын, құрығандай бар амалым,
Күрсiнем, бәз қалпыма ораламын.
Ақ кемем қашанғы ұзақ мекен етсiн,
Жанымның құлазыған жағалауын...
Оған да ерке, ойнақы толқын керек,
Ол сүйген теңiзiнде серпiн де ерек.
Ол менi қалдыруға бекiндi ме,
Мен бiрақ жан емес ем сертiм бөлек.
Бостан-бос қаңтарыппын қайраңымда,
Басқаша бақ табам деп ойладым ба?
Кемемдi-өлеңiмдi, оралар деп,
Отырмын күтiп тағы айлағымда...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі