Қақпақыл болып, бiр сеңнен көшiп, бiр сеңге –
Есей Жеңісұлы
Бұл бетте «Қақпақыл болып, бiр сеңнен көшiп, бiр сеңге» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қақпақыл болып, бiр сеңнен көшiп, бiр сеңге,
Осынау шақта өзiмдi таппай жүрсем де,
Көзiмнiң алдын жап-жарық етiп кетедi,
Жақындай алмай, алыстай алмай бiр сәуле.
Булығып кейде, қыстығып кейде, тұншығып,
Түнекте жүрсем, бiр батып барып, бiр шығып,
Жалқы сәулеге емiнтiп менiң жанымды,
Миықтан күлiп тұрады қарап тiршiлiк.
Барлық арманым, барлық мақсатым былай қап,
Мұңданып жүрсем, көңiлдiң көлiн лайлап,
Бiр сәуле ойнап көзiмнiң келiп алдына,
Еркiмдi менiң еңiретiп бiр сынайды-ақ.
Қалпыма мынау кетердей кенет нұр тамып,
Түсiмде жүрем кеудеме қызыл гүл тағып,
Ояна кетсем, өбектеп менi жатады,
Жақындап келген, алыстамайтын бiр жарық...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі