Көктем. Қой кезек

Бұл бетте «Көктем. Қой кезек» атты Есей Жеңісұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 981
Маңымыз – таспа соқпақ, сайраған iз,
Шертiлiп қайдағы сыр, қайдағы аңыз,
Көктемде Рүстем ағам екеуiмiз,
«Құлағанжар» үстiнде қой бағамыз.
Кеуденi кернеп керiм көңiлдiлiк,
Жатады тас та балқып, өңiр күлiп.
Екеумiз әңгiмеге кiрiсемiз,
Қой кетер күнгей қырдың көгiн қуып.
Астына аткөрпенi төсеп алып,
Қос батыр бөстекi сөз бөседi анық.
Екеуi батырлықтың ауылына,
Келедi неше жетiп, неше барып.
Қарашы ендi мына масқараны,
Аз едi ауыл-үйдiң басқа дауы –
Қой алды қарағайға кiрiп қалған,
Бiттi ендi, ит-құс қазiр бас салады...
Жас төгiп, сыңсып жылай баста, мейлi,
Ит-құсың саяқ малды қашса жейдi!
Ыза боп, жыламсырап тұрған маған,
Рүстем «қорықпағын, саспа» дейдi.
Ағатайым қолына ойнатып ап,
Лақтырады аспанға, айға тұмақ,
Киiмнен, қиқулаған үннен үркiп,
Иiрiлiп қалатын қой да ақымақ...
Осылай өте шыққан бiр күн қандай,
Қалғандай ойын қанбай, күлкiң қанбай...
Кешке үйге сүйретiлiп ораламыз,
Күнiмен дүние iсiн тындырғандай.
Сәлден соң бұлттан шығар қамалып ай,
Мұндайда жылы анамның қабағы ұдай.
...Қыр үстiнде қой кезек бағып жүрген,
Мен сенi сағынамын, балалық-ай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем. Қой кезек өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Көктем. Қой кезек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем. Қой кезек өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем. Қой кезек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері