Бұл бетте «Кеш» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тәмам болып тағы да бiр сапары,
Таудан шығып, таудан тауып тұрағын,
Күн шоқтанып батып бара жатады...
Қыр үстiнде көлеңке боп тұрамын.
Өткен күннен өшер-өшпес iз қалып,
Ауыл жатар түн алдында таранып.
Күннiң соңғы шапағын да қызғанып,
Тауға апарып табыстайды қара бұлт.
Бiр тыныштық келе жатыр далалық,
Өткен күнге жоқ ешкiмде түк қыжыл...
– Ата, ауылдың үстi неге ала бұлт,
Ал, батыстың бұлты неге қып-қызыл?
– Бұлтың тұр ғой, балам, бiзге сыр ашып,
Жасыратын құпиясы жоқ, сiрә.
Алматының ертең болар күнi ашық...
Алматыда ашық болса бопты да...
...Алматының кешi мынау келiскен,
Мұнда бiрақ көздiң басқа көрерi –
Қозы емес, көлiк қайтып өрiстен,
Қидың емес, мотор иiсi келедi.
Тұтасып ап жер мен көктiң арасы,
Алматыда бәрi көнген ызыңға...
– Балконыңа шығып, достым, қарашы,
Ауыл жақтың бұлты қандай?
қызыл ма?..
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі