Ығы-жығы көліктер – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Ығы-жығы көліктер» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 694
Ығы-жығы көліктер,
Ығы-жығы адамдар.
Басылмаған желіктер,
Жасалмаған қадамдар.
Таңданған да сұқтанған,
Ығы-жығы бастағы ой.
Ығы-жығы бұлттардан,
Арылмаған аспан-ай...
Тоғысады қуыста,
Жаманың да, жақсың да.
Ығы-жығы жұмыста,
Ығы-жығы тапсырма...
Тіршіліктің аралы,
Ығы-жығы өрнегі.
Бастап алып барады,
Ығы-жығы жол мені.
Ығы-жығы толқынды,
Көл бетіндей көгілдір –
Тірлік күйі шертулі,
Ығы-жығы өмір бұл...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері