Үйлену тойындағы көңілсіз ой

Бұл бетте «Үйлену тойындағы көңілсіз ой» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 616
Жол бойына келсе адам қосақ тауып, жұптасып,
татып көрсем әрнені деп болады тіпті асық.
Кететіндей көрінер сара жолға түсіп ап,
жасыл белмен жарысып, қатарласып нық басып.
Үлкен жолдың бойына келіп тұрсаң ұмытпа,
жел қуған тай емессің, ілінгенің құрыққа.
Тулай алмай тар жерде көндігерсің көп жайға,
бұйырғанын ішіп-жеп тәтті емес пе, тұнық пa?
Жол болған соң шөлдейсің кей тұстарда қаталап,
қиыршық тас бір жерде табаныңа батады-ақ,
Төзім бітіп бір күні сүлдең құрыр, кім білсін,
жер тырмалап, ойбайлап, жылағың кеп жата қап.
Өзі ұзақ жол болса таусыла ма жыры оның,
қалып қою бірақ тa өзгелерден тірі өлім...
Азып-тозып ілбиді көштен қалмай біреулер,
жүгіреді біреулер қолына алып жүрегін.
"Дуылымен алмасар көктемдегі торғын күн,
рахаты емес тек қана, азабы бар жолдың бұл.
Жүрген сайын ілгері қарайлайсың артыңа,
балғын шағың жаныңа ыстық тартып солғұрлым.
Шағасында бұл жолдың жатпаса да мәңгі қар,
қалтыратып кей жерде жылуына зар қылар,
Тұтып қалған ішіңді кей түтінге тұншығып,
жанталасқан айғайдан жан дауысың қарлығар.
Тіршіліктің шыққан соң жайдақ мініп күреңін;
Таусылмайды-ау тіпті де...
таусылмайды жыры оның.
Ақ бояуын жағады жағаласып самайға
қатпар-қатпар терімен шимай болып гүл өңің.
Ештеңе де ұнамай, кей шақтарда бәрі ұнап,
сәл нәрсеге ренжіп, сәл нәрсеге жадырап,
жүрген шақта құзға әкеп құлатқанша тоқтамас
қу тіршілік қиралаң арбасына салып ап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үйлену тойындағы көңілсіз ой өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Үйлену тойындағы көңілсіз ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үйлену тойындағы көңілсіз ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжауһар Сейітжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үйлену тойындағы көңілсіз ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері