Бұл бетте «Өлең» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған поэзия туралы өлең берілген.
Жылт еткен сәуле, жарқын ой
жүгіріп бастан өтсе eгep—
өлеңнің ол бір шарты ғой,
жетпеген оған жоқ шебер.
Ауыр хал жаным түршіккен
жүректі өтсе сығымдап —
қала алман, өлең, тыншып мен
түскенше жерге шырылдап,
Сағыныш сабыр қашырса,
өзгені жоққа шығарып —
атылып кетіп жасынша
келеді қайта жыр алып.
Сан күйлер баста түйіліп,
қиналсам таппай бір амал —
көз болып ойға құйылып,
бұлақтай тағы жыр ағар.
Көп пе екен, білмен, әлі аз ба,
әр өлең құсап соңғы рет
тамшыдай таза қағазға
тізіліп қалар мөлдіреп...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі