Көңіл мен өмір

Бұл бетте «Көңіл мен өмір» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 631
Бас бүтін, мал түгел, тек сенімге ерген,
көңілі жай — сирек болар мұндай кісі.
Сыртынан мығым, бүтін .көрінгенмен, -
бар шығар көп адамның бір қайғысы.
Алданыш, жарық дүние, той барында
төрт аяқ тең баспаса — өкпелей ме?
Жосылтып жүргенімен ойға-қырға,
тұяғы бүтін тұлпар жоқ демей ме.
Әйтсе де, бой ұрғандай бос ұранға,
баласын —
ұл емес бұл, қыз дейді екен.
Шүкір ғой десе-дағы осыған да,
одан да жақсыны адам іздейді екен.
Алпысқа, жүзге ме әлде — кел нешеге,
жалғызын жөн көрмес деп құдай бастың
көңілін бала сүйіп демдесе де,
атадан біреу болса мұңаймас кім.
Жаныңда жара бар ма, мұң, күйік пе,
жөні жоқ жөн-жосық пен ретті ұғар
әреңдеп жетсе егер бір биікке,
одан да зорды өзіне тілеп тұрар.
Қойылған елең қылмай талапты аса,
айыптап отырса да әр күн санаң,
пайда мен ләззат қарап далақтаса,
көңілді арсыз деді-ау халқым содан.
Ой салып отырса да жиі-ақ мұңы.
болса да қуанышты көп өппеген,
ынсабын тия білген ұяттыны
намысы бар екен деп бөлектеген.
Талпынбай, ойлап таппай хошы бар ма —
текшелеп қалап қойсын кім ақылын.
Үміт көп, тілек теңіз, осылар ма
көңілді құйқылжытып тұратұғын..?
Оп-оңай бұзу деген өмір шырқын,
жүрміз ғой ойынына кеш қатысып.
Тентек бала секілді көңіл шіркін
кетеді тыйым жоқта отқа түсіп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл мен өмір өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Көңіл мен өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл мен өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көңіл мен өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері