Өлең мен мүсіндеу

Бұл бетте «Өлең мен мүсіндеу» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1031
Мейлі грек, қара батпақ балшықтан,
Соға берсін әсем, кербез сымбатты,
Мейлі мәңгі сол мүсінге болып таң,
Төксін лебін жалын атып тым қатты.
Ал, біздерге, қызығырақ одан да,
Евфраттың өзеніне иіліп,
Ағысына қолымызды малғанда,
Ойнаса су, толқындарын иіріп.
Салқын тапса жүрегіміз бір сәтке,
Өлең шіркін кеудемізде тулайды.
Ақын қолы таза болса әдетте,
Су тұрмайды, алақанда құрғайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлең мен мүсіндеу өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Өлең мен мүсіндеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлең мен мүсіндеу өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлең мен мүсіндеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері