Өсиет

Бұл бетте «Өсиет» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 485
Еш нәрсеге де назар аудармастан,
Кім өмір сүрген?
Дүние қозғалыста мәңгілік.
Күнделікті тіршіліктің рахатына бөленіп,
Кепілдіктер ғажап өзгерістер,
Қатал, игі ниеттер,
Мәңгілік қалар, заңдар сақталып!
О заманнан тура жол бізге ашылып,
Төрінде жүрегіміздің сақталған:
Дөңгеленген жұлдыздарға,
Салтанатты жол салғандарға,
Тағзым еткін, туған жер.
Көңіл-күйдің қош дастанына қосылып,
Түсінерсің, талғампаз ар-ұятын –
Адамгершіліктің жарық күнін.
Сондықтан да сезімдерге сеніп, бастағын:
Сергектік пен ақыл-ой, парасат сыйлап,
Жеңістер айналар алданышқа,
Таңның шығындай нұр жанған өмірде –
Жаңа дүниенің қызығын татып дәмін,
Кең далада еркін басар аяғын.
Сабырлықпен кірісіңдер керемет ерлік жасауға!
Ақыл-парасат басқарып бәрін де,
Өмір тірі жанды қолдаған.
Болашақ алдын ала қызықтырған,
Өткенге ешкім де зер салмаған,
Мәңгілік тола қас қағым сәт.
Жердің қойнауында күндізгі күн,
Жеткізіп сезімнің жауап сөзін:
Сырт көздерге берместен ерік,
Қадағалап иірімнің тасқындарын,
Жердің қалаулыларымен қосылғын.
«Тек оның жемісін бағалағын!»
Дүние жүзінің туыстығын,
Көпшілікке көрінбеген,
Данышпан, ақындар енді,
Қалайша жазыла еркін көрсетер.
Жақсылықтың жаршысы болып сен,
Сыйлағын ағайындарға сенім артып биік төрді,
Одан артық пенделерге сыйлық – болмас!

1829


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өсиет өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Өсиет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өсиет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өсиет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері