Жермен қоштасу

Бұл бетте «Жермен қоштасу» атты Маралтай Райымбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2195
Жерді ораған көк перде,
Менің жұлдызым көрінбейді бұл жерден.
Оны іздеп өзім барам түбінде,
Жұпариса гүл аңқыған көктемде.
Сезем ғой мен,
Қанат бітер сол кезде,
Өксігімді ұмыттырып нұрлы әлем.
Ұшармын-ау аңсап күткен шақ келіп,
Өмір сүйгіш өзегімді қақ бөліп.
Риза бол,
Бал да жұттың, у іштің,
Ә, бейберекет бейнеті мол сор басым.
Жерде туып ақын болу әбестік,
Әм алқаштау, һәм шын қазақ болғасын.
Алыстармыз алыс жаққа құпия,
Жасыл жұлдыз жанарыңды жасаурат.
Қайтып келіп, қайтып көру неғайбыл,
Сенде өтіп ед аз ғана күн, масаң сәт.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жермен қоштасу өлеңінің авторы кім?

Маралтай Райымбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Жермен қоштасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жермен қоштасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Маралтай Райымбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жермен қоштасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері