Бар әлем бірге менімен

Бұл бетте «Бар әлем бірге менімен» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 574
«Айтуға оңай! – ойландым мен, –
Қайырымдылық көрсетуді
Сенің маңдайыңа тағдыр жазған.
Сенімен бірге болған әрбір жан,
Сол бір сәт, таңғажайып түс көргендей,
Өзін сүйікті жандай сезінер.
Қатал тағдыр-жазмыш ажыратса егер де бізді,
Онда маған неге керек сенің бағасыз, қымбат өсиетің!»
Сен де кеттің!
Бүгінгі күннің уақыт, мезгілінен не күтем мен?
Бекерден-бекер күйіп-пісіп жүрмін күнде жолда,
Тар жол тайғақ кешуменен.
Тамаша, әдемі деп айтылғандар түгелімен,
Бәрі де болар жақсылық.
Сахара шөлінде жүргендей азып-тозып,
Қамығып-зарығып қуанамын,
Көздің жасын селдетіп бүгінде
Жүрегімді сендіріп жұбатамын.
Өлім мен өмір – қатал күрескен
Менің жалындаған от-шоқтарым,
Тек сендердің биліктеріңді өшірместен,
Көңіл қайнап, қайғы, мұңдар,
Көкірек, шіркін, бөлініп жүз, бөлшектеніп,
Лек легімен жүрегіме құйылыңдар, толыңдар.
Табылса екен денеге түскен
Жарақатты жазар бір ем дәрі,
Бірақ та, батылдық пен еркіндік
Жүректе жоқ.
Жер бетіндегі, бар көріністі, қуанышты көрмеуге,
Қалайша? Болар ма екен?
Мақсатты құртуға?
Кейде армандап, ойға шомып,
Кейде шаттана қуанып,
Кейде белгісіз күйге енесің.
Өміріңе, амалсызсың,
Сыйға берген бақытың, замандасың,
Келер, кетер, желдей есіп, жанып ағып.
Кел, қоштасайық ағайындар!
Қалармын-ау мен жападан жалғыз.
Қараңғы қалың орман-тоғай,
Жабайы жартас таулардың арасында,
Сендер енді алға ұмтылыңдар,
Тайсалмастан – шексіз дүние-әлемге,
Таңғажайып, рахат, шіркін, өмірге!
Ашық аспан, жер-ана, су,
Табиғаттың бар байлығын,
Қойнауын – буын-буынға бөлшектеп,
Бәрін де көріп біліңдер.
Тамаша, керемет қосағыммен некеленген
Мен бақытты едім,
Бар әлем – бірге менімен,
Жаратылысымнан құдайым қолдап мені,
Ішінде көптеген игілік істер мен
Жүздеген артығырақ бәлекеттер толы
Маған Пандераның қобдишасын сыйлаған,
Қайтарсам оны – өзімді-өзім жоғалтамын, өлемін, масқара болам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бар әлем бірге менімен өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Бар әлем бірге менімен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бар әлем бірге менімен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бар әлем бірге менімен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері