Бұлбұл құс – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Бұлбұл құс» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 687
Күлімдеп қарап жаным, бәрін де маған бердің,
Мен бе тағдырымды тергейтін!
Егер де ол ұры болып, шықса жалғанда,
Жасаған ұрлығы да – керемет.
Дегенмен де өзі де, ешбір ұрлықсыз-ақ,
Сен мендік болдың,
Мен болсам – сендік.
Маған жарасып-ақ тұрар еді,
Егер де мен де қатарына қосылсам.
Берген сиыңның бағасы жоқ, бірден-бір батырлық,
Бәрібір сенің жеңісің:
Бәрі де сенікі – қыздың үнсіздігі,
От-шоқ жанған, өртенген кеудедегі жүрек тынысы.
Сенсіз бе қу кедей! Ойнама!
Хатем, сен егер де менімен болсаң,
Онан артық бақытты таба алмассың, таппассың.

1815


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері