Мұңға бату

Бұл бетте «Мұңға бату» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 823
Па, шіркін!
Маған соншалықты жүк артардай,
Жүрегім саған не болған?
Менің ғұмыр сүрген жанұям,
Төрт қабырғалы бұрышым.
Соншалықты тар ма едің,
Ерекше күйге түсіп, қысылып, сыймай барам!
Кең жазық далаға,
Қалың тұман бұлттар,
Дауыл-нөсерлер арасына, –
Тек сонда, биік тау-жоталарға
Тезірек алып-ұшып, жеткерші!
Әнеки, шіркін, қара құстар
Аспандап қалқып ұшар.
О құстар, мен сендермен біргемін,
Сендермен тағдырым бір, заманым бір!
Төменімізде жартастар,
Төменімізде дуалдар көрінер.
Алыстан көрінген солар ма екен?
Олар осында, олар!
Армандап, аңсап жүріп келер.
Көк аспанда әнге қосып,
Қалқып ұшқан құстарменен,
Қосыла еріп келем, –
Ормандарды тіліп жарып, шашу шашқан.
Орманның тым-тырыс тұңғиығында,
Құлақ түре жүріп келер:
«Мен туралы шіркін, ол,
Қандай әдемі әсел, әсем ән шырқар!»
Кешкі күннің батар сәулесі
Кең дала, төбешіктерді алтынға бөлеп, нұр шашар.
Сұлу бойжеткен-періште
Күнге жараса қарауда.
Өзен бойын келеді жағалап,
Көкорай шалғын, жайылым.
Айнала кенеттен тас қараңғыланып,
Жоғалды мүлдем соқпақ жол.
Кенеттен мен жұлдыздардай
Жарқырап шықтым биік төрге.
«Мені соншама жарылқайтындай,
Неткен жарық ол жанып тұрған?»
Сен аспанға таңырқана қарайсың, –
О, бір ғана қуанышты, бақ қонған сәт!
Сенің аяғыңда оранып, естен танып, сұлап жатып мен,
Өз бақытымды тапқандаймын!

1802


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұңға бату өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Мұңға бату өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұңға бату өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұңға бату өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері