Қоштасу – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Қоштасу» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 730
(1769)

Жаутаңдадым үнсіз тек,
Кенет тілім күрмеліп,
Айрылысу — қандай қасірет,
Жан едім ғой мен берік!
Махаббатты мұң басып,
Тұнжырадым сол бір сәт.
Сүйісімнен сыр қашып,
Салқын тартты сал құшақ.
Білем, назды ауызын
Сүйген мені жандырып,
Үлбіреген жауқазын,
Лебі мені қандырып.
Ұсынар гүл жоқ менде,
Шешек атпас қайта жаз.
Франциска көктемде,
Екеумізді соқты аяз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері