Көз жұмбақ – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Көз жұмбақ» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1002
(1771)

Қорқамын, қалқам Тереза.
Темірдей өткір көзіңнен.
Ашуы зілдей сезілген!
Бірақ кейде бір қарап,
Арбаса көзің жаудырап,
Сұлу бар ма өзіңнен?
Аласың кейде мені ұстап,
Аңдаусызда құшақтап,—
Қос жүрек соғар бір жанып.
Көзден бүркеу алыпса.
Түсесің қайта ашуға,
Мүскінге көзсіз — сұрланып.
Бұлқып жүрмін сүрініп,
Соғылып тасқа ұрынып,
Азан-қазан думанда,
Ләззәтыңа табынам,
Немесе дертке шомылам
Қаңғырам да тұманда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері