Алдану

Бұл бетте «Алдану» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 571
(1803)

Желпінді тор әйнектен
Көрші әйелдің үйінен —
Қарайды маған кенеттен,
Жаны өртеніп күйінген.
Білгісі келер қызулы,
Қызғанышы бар ма деп.
Сөнді ме әлде ынтығы,
Әлде жанып тұр ма деп?
Жоқ, ғашықтық қиялмен.
Аңдамаппын алданып.
Ол жел екен, торғынмен
Тұрған ойнап, қозғалып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алдану өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Алдану өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алдану өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алдану өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері