Жазанама – Ұларбек Дәлейұлы

Бұл бетте «Жазанама» атты Ұларбек Дәлейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.01.2022
  • 0
  • 0
  • 541
Жапырақ!
Жаздың ғазиз бір еркесі,
Неге үзіліп кеттіңдер тым ерте осы?
Жұпар иісің бұрқырап ақшамдарда,
Өлік иісі сезілді күні ертесі.
Бөрі дауысы бұлқынған ізгі маңнан,
Тым ерте айырды ма бізді жалған?
Ажал үні жетеді енді міне,
Ғазал үні билеген күзгі жолдан.
Жолдар,
Жолдар!
Ажалға жатқан қарсы,
(Асығым түсер қашан аспанға алшы?..)
Аязынан Арқаның алып қашып,
Алтай жаққа апарып тастаңдаршы!
Қайран Алтай!
Қанаты күйген шерлім,
(Қанаты жоқ Қағандар сүйген шерлім!)
Қабағында ғасырлар бұлты түнеп,
Сенен шалғай сенделіп жүрген сеңмін!
Көтеріп азабын да,
Тозағын да,
Нәзилла – қыз жүр әлі назарымда.
Жалғыз қайтқан жыл құсын желден жасқап,
Жатқан шығар жабығып мазарында.
Енді қайтып оянбас мендегі арман,
Жалғыз-ақ үмітім ол көрде қалған!
«Елім-айға» елітіп есім кетіп,
Шиліөзеннің қамысын шерге малғам...
Кешір мені,
Жан Аллам күнәм болса,
Оған жетер жолдарым бұраң қанша?
Көктерек!
Сенен шалғай кеттім білем,
Қағынан қаншыр қуған құландарша.
Жаз дидәрін жастықтың мүрдем етіп,
Қанша мизам мерт болды күздер өтіп.
...Қылшаныма қырғауыл жүнін шаншып,
Жолға шығып кетсем бе,
Түнделетіп?!..
Сендер жаққа...

02. 01. 2011 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазанама өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Дәлейұлы — осы өлеңнің авторы.

Жазанама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазанама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұларбек Дәлейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазанама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері