VANITAS VANITATUM VANITAS! – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «VANITAS VANITATUM VANITAS!» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 486
(1806)

Ештемені тілеп медет еттім бе?
Пай-пай-пай!
Бақытыма кім тең келер? Ешкім де!
Пай-пай-лай!
Кел, достарым. қағысалық сол үшін,
Стакандар қайта-қайта соғылсын,
Шарап шалқып көмейден ән төгілсін!
Шарқ ұра бердім ойлап молын ақшаның —
Пай-пай-пай!
Бекер өтті қайран менің жас шағым,
Уа, айхай!
Сомдықтарды таптым талай, жымқырдым
Сомдықтарды шаштым көкіп жұлқындым.
Таптым жырып, айрылдым да, ұтылдым.
Құмар болып, сүйдім әйел жынысын.
Пай-пай-пай!
Дозақ болды көрген күнім, құрысын.
Уа, айхай!
Қасірет шектім опасыз боп бәрінен.
Жалықтырды бірі ұяң түрімен.
Бірін тастап бірін қостап жүрдім мен.
Саяхатқа тым әуесқой болып ем,
Пай-пай-пай!
Қаңғыбастық қандай менің сорым-ед!
Уа, айхай!
Орнықпадым қоныс тауып бір жақта,
Ұйқым сиреп, жарымадым тамаққа,
Дос болмады мендей жалғыз бейбаққа.
Дәмелендім даңққа ие болам деп.
Пай-пай-пай!
Дос біткендер шыға келді жауым боп.
Уа, айхай!
Кетсе бір сәт менің бойым ұзарып
Аласалар құса болды қызғанып,
Бөгет көрді мені бәрі сызданып.
Соғыс іздеп баюды да ойладым,
Пап-пай-пай!
Кездім шарлап талай елдің аймағын
Уа, айхай!
Жат жұрттардың ойрандадым жерін мен,
Кетті мейрім жүрегімнің төрінен
Енді ақсақпын, дүниедегі қормын мен.
Енді не бар? Қандай үміт бар маған?
Пай-пай-пай!
Бәрін енді өшірем де, ноль қоям,
Пай-пай-пай!
Бітті жырым, құрғап қалды тілім де,
Шарабым да таусылғалы тұр міне.
Кел жұтайық, түк қалдырмай түбінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

VANITAS VANITATUM VANITAS! өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

VANITAS VANITATUM VANITAS! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

VANITAS VANITATUM VANITAS! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

VANITAS VANITATUM VANITAS! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері