Паж бен диірменшінің қызы – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Паж бен диірменшінің қызы» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 535
(1797)

Паж
Апыр-ау,
Сен айдалада,
Асығасың қайда ғана?
Жөніңді айтсаң — несі мін?
Диірменшінің қызы
Лиза ғой есімім.
Паж
Жоқ па, сірә, қайырымың,
Тырмаңды ала қаштың ба?
Диірменшінің қызы
Біздің үйдің жайылымы —
Мына қырдың астында.
Паж
Жалғыз қорқып жүрмейсің бе?
Диірменшінің қызы
Қорқып...
шалғай қыр дейсің бе?!
Асығыспын, көп бөгеме,
Құс келіпті қаңғырған,
Баққа барып, өкпелеме,
Алмұрт терем шалғыннан.
Паж
Самалхана жоқ па онда?
Диірменшінің қызы
Салынғаны көп болған,
Екеуі бар, бір емес.
Паж
Неге керек құр егес,
Сонда барып ән тыңдап,
Қайтайық та, періштем,
Лизажан, салқындап,
Алмұртыңды терісем...
Диірменшінің қызы
Кім деп тұрсың мені сен?
Қолдарыңды аямайсың, беу неге
Паж
Өзіңді де қатты қысам кеудеме...
Диірменшінің қызы
Белгілі ғой қулығыңыз,
Сөзіңізге кім нанар,
Мынау қара сулығыңыз,
Аппақ ұнға былғанар.
Дәл өзімнен айнымаған
Сүйем батырақ ұлын да.
Құшағын сол жайды маған,
Жұқпайды ғой ұн-ұнға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Паж бен диірменшінің қызы өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Паж бен диірменшінің қызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Паж бен диірменшінің қызы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Паж бен диірменшінің қызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері