Қаражал – Мерей Қартов

Бұл бетте «Қаражал» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 981
Менің жаным қоштасуға осал-ақ,
Туған жердің тауын жүрмін тасалап.
Қаражалға қағанағын жаруға,
Қара бұлттар көп келеді бошалап.

Ақ бас шыңға бауырларын емізіп,
Бұйра бұлттар жантаяды бел үзіп.
Жұпар жұтып, ер-тоқымды жастанам,
Ақ жусанды айғырыма жегізіп.

Жүрегімде әр нотасы жаңбырдың,
Әр жартаста мұңдарымды қалдырдым
Аспан шешем, бұлтты күні толғатып,
Айлы түнде тауда туған-ТАҒДЫРМЫН.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаражал өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Қаражал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаражал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаражал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері