Мен сенi неге көрдiм түстен кейiн? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мен сенi неге көрдiм түстен кейiн?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 586
Мен сенi неге көрдiм түстен кейiн?
Болдым ғой əбiгерге түскендейiн.
Өн-бойым, өзегiмдi өрт жалайды
У қосып бал шарапқа iшкендейiн.
Мен сенi неге көрдiм күн бесiнде?
Көңiлiм көл түбiнде мұң кешуде...
Түнегiн түре оянып кеттi неге
Жүрегiм жата бермей түрмесiнде?!
Мен сенi көрсем еттi əу басында,
Сақина сатып алмай сау басыма.
Қайтейiн, қайран дүние, сайран дүние
Қимаса сарқытын да, сауғасын да...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері