Бұл бетте «Муза» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Музамның маңдайында
нұры бар жарық Айдың!
Талдырмаш тал бойынан
табылмас тарыдай мін.
Музамның көздерінде –
– көңілдің тазалығы.
Сөйлеген сөздерінде –
– ғаламның ғажап үні.
Музамның еріні де
балауса бал татыдың.
Сезімнің көрігіне
шіркін-ай, сан балқыдым...
Музамның ақбілегі
мойныма оралады.
Құшқанда,
отты лебі
бойыма таралады.
Музамның тамағында –
– көктемнің жұпар демі.
Кіршіксіз жанарында
толқиды Бұқар көлі.
Қос жүрек үндесуде.
Періштем, пәктігі – жыр!
Музаммен мұң кешу де –
– тағдырлы тәтті ғұмыр!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі