Құба шың – Мерей Қартов

Бұл бетте «Құба шың» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 741
Маңдайын мұзды қар басқан,
Қара-ала бұлтпен арбасқан,
Найзадай ұшы Көк асып,
Найзағай-отпен жалғасқан.

Қасқайып тұрған құба шың,
Жаңғырмай, іштей тынасың.
Жадырап жетсем, – жатсынып,
Құлазып келсем, ұғасың!

Қыран ұшырған құба құз,
Қойныңда алуан бар аңыз.
Алшаңдай басып мен кеттім...
Алшақтау қазір арамыз.

Өзіңнен туған бел бала
Мен едім.
Көңіл – кең дала!
Төбесін Күнге сүйгізген,
Тәңірге жақын сен ғана!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құба шың өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Құба шың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құба шың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құба шың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері