Бұл бетте «Өмірде көп көкбеттігі көкбеттің» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмірде көп көкбеттігі көкбеттің,
Зұлымдықтар мәуе жайды, көктеп тым.
Бәрі соның ауанында, амалсыз,
Көрді дейсің қарсы тұрып, тектеп кім?
Қара бура – қасіретпен қайытып,
Көкіректі қақ-соғымен «байытып».
Бұлақ біткен бұрымдарын өре-өре,
Мөлдірлігін жоғалтыпты лайытып.
«Шілде сорып тастаған-ау кебірді...»
Жүрегімді бір әбілет кемірді.
«Мың бір түннің» тәттілігін іздедік,
Қойынға алдық қара құлды – негрді.
Жидіді ішім қасіреттен – сілті іштік,
Қасымда жүр қасиетсіз – кіл түстік.
Мангалының маңын кезіп, маңады,
Бақыттың да, баюдың да кілті – істік.
Іске алғысыз ...
Жарамайтын боқташақ,
Жалған намыс жетерлік-ақ,
Боқтасақ:
Қаныңды ішер,
Ал қолынан келмесе,
Жібереді жаман тонын отқа сап.
Бөгделерге ол бейшараң – пышана,
Бүкшеңдейді жегендей-ақ күшәла.
Еш күнәсіз болса да оған бас ұрып,
Жалпақтайды,
Мінбек түгіл мысаға.
... Қатын-бала, қазан қамын күйттеген,
Заманға еріп, үйтпеген де бүйтпеген.
Тұрып жатыр елеусіздеу бір пақыр,
Мойынында бұршағы бар биттеген.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі