Ар-ожданым – айнымас дәстүр-дінім –
Мерей Қартов
Бұл бетте «Ар-ожданым – айнымас дәстүр-дінім» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ар-ожданым – айнымас дәстүр-дінім,
Жүрегіммен оятам тастың мұңын,
Сұм ойлардан Санамды аластаған-,
-тамыріші ырылдақ қасқырлығым!
Тәңір құйған жаныма Бақ ілімін,
Тау мен тастың сіңірдім тағылымын.
Қаққа жарып тұманды, Хақ іздеген...
Ой ішінде жортады тағылығым!
Мына, бес күн жалғанның құны қайда?
Түнім – олжа болғанмен, күнім – айла...
Төбе басы ашынған Төбе Бидей,
Қасқырлығым тұрады ұлып Айға!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі