Бұл бетте «Найзатас» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұлттарды дүлей жосылған,
Найзатас ұшы түйреген.
Айналдым әзиз басыңнан,
Құлжалар ғана билеген.
Сай-салаң жұрттың жыр-әні,
Бұлағың күйдей шертілген.
Қыраның алғыр, қырағы,
Желтаудан ұшып желпінген.
Әсемдеп Тәңір қалаған,
Сыры бар Сендік тастың да.
Төсінде жортқан абадан,
Тағдыры табан астында.
Осындай ғажап өлкенің,
Сұлуы таймас ғұрпынан.
Үр қызы сүйер еркегін,
Қар қызы ғашық сыртынан.
Шабытты шыңнан шақыртып,
Өлең отына шарпылғам.
Шөгетін атан, ат үркіп,
Найзатас-сенің нарқыңнан!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі