Туған жер – Мерей Қартов

Бұл бетте «Туған жер» атты Мерей Қартов жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1143
Көз ұшында мұнарланған,
Тауларым-ай, ұлар қонған.
Қиясынан қыран көрсем,
Қиял ұшып, құмар қанған.
Топырағы тұмар болған,
Туған Жер!

Бұлақтары өлкеміздің
Бұрымындай ерке қыздың,
Жапырағын шашбау қылған,
Күрең-сары келте күздің.
Толқуын-ай шер-теңіздің...
Туған Жер!

Қара бұлттар – арғымағым,
Таудан асып қарғығаны!...
Тыраулаған тырналардан
Тыңдап тұрмын тағдыр әнін.
Көңілімдей – көл-құрағың,
Туған Жер!

Бүрген,
Бұта,
Қарағаның...
Жолын тауып, араладым...
Жұпарланып сана-бағым,
Аңқылдаған әр адамың,
Туған Жер!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жер өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Туған жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері