Бұл бетте «Махаббат мұңын іштім» атты Алма Түсіпбекова жазған махаббат туралы өлең берілген.
Арман-ай!
Тәттісімен қызықтырған,
Жалған-ай!
Жолымды әр кез үзіп тұрған.
Көктемім маңдайымнан сипағанда,
Өткенім өкініштен сыз ұқтырған.
Көктемім өткеніммен сайысты ма,
Сол кезде сезімімнен жай ұшты ма?
Кінәмшіл жанға қашан жағамын деп,
Шаттықтың қабырғасы қайысты ма?
Жанымнан қашқаннан соң жырақ бағым,
Әйтеуір таусылмады сұрақтарым.
Шынысын шыдамымның шытынатып,
Тағдырым дайындауда сынақтарын.
Шын ғашық бар сынаққа төзеді ерен,
Махаббат мұңын іштім көземенен.
Адами аралдардан алыс жатқан,
Осында алып келген өзі еді өлең...
Таусылмай осы менен алашағы,
Қағып тұр тереземді нала, тағы.
Күн сайын меніменен бір күрсініп,
Ай ғана баяу жүзіп баратады...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі