Бұл бетте «Қыркүйек» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көркіңе керім үздігіп,
Көз алмай, ұзақ қарадым.
Күрсіне берсін күзгі бұлт,
Жарқын ғой сенің қабағың!
Қыркүйек айы жаңбырлы,
Жәудіркөз Аспан жылайды.
Екеуміз – жұмбақ тағдырды
Сүйеміз ... және бұл айды.
Сарғайған бұрын, асыға...
Жапырақ – нәзік сағыныш.
Жақындау келші қасыма,
Шарпысың демім, жалын іш.
Сезім мен сезім үйлесіп,
Сөз демі гүлді жылытқан.
Күнім-ау, ғажап күй кешіп,
Жалғыздық жайлы ұмытқам.
Сыр айтсам тыңдар құстар,
Бақ...
Ағаштың тамған жасы – нұр.
Өзіңе шексіз құштар шақ,
Өмір ғой шіркін, ғашығым!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі