Арқыраса тарпаң күреңім – Мерей Қартов

Бұл бетте «Арқыраса тарпаң күреңім» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 3112
Арқыраса тарпаң күреңім,
Бал-бұл да жанар түр-өңім.
Көнеден қалған көзімсің,
Күміс көмкерген жүгенім.
Өмілдірігім де дін аман.
Өң-бойын ою құраған.
Омырау тұсы шашақбау,
Астары – қызыл шұғадан.
Көшпенді елміз көшелі.
Маңдайбақ біткен бес елі.
Құйысқаным да – құйма алтын,
Өркениетім ғой кешегі.
Жаратып мінген күлігін,
Сайыпқыран Сақтың ұлымын!
Үзеңгімен-ақ үзгенбіз,
Қарсы шапқан қасқыр жұлынын.
Тақым қажамас таралғым,
Зерленген шеті – сары алтын.
Былғары-бекзат тоқымым,
Осы күнге аман оралдың.
Шөлдесем қымыз ішкенім.
Шипасы қандай күшті едің!
Ат терін адал сімірген,
Жабағыжүнді ішпегім.
Қайыңнан шапқан қапталым,
Жәдігерімдей сақтадым.
Іңірге тізгін қаңтарып,
Ізгінің күттім ақ таңын!
Қанжығам – құтты қайыстан.
Шыңдалғам көкпар-сайыстан.
Бес жастан шауып бәйгеге,
Жанарымнан жасыл жай ұшқан.
Қамшым да – қызыл тобылғы.
Соққызба, тағдыр, санымды.
Келер ғасырға аттандым,
Оңғарса Тәңір жолымды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арқыраса тарпаң күреңім өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Арқыраса тарпаң күреңім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арқыраса тарпаң күреңім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арқыраса тарпаң күреңім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері