Түркістан. Кесене. Күз – Нарқұлан Райханұлы

Бұл бетте «Түркістан. Кесене. Күз» атты Нарқұлан Райханұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

Түркістан,
Кесене,
Күз...
Ойларым орағытып,
Оралдық көшеден біз,
Сезімнің түймелерін шала ағытып.
Кесене,
Күз,
Түркістан...
Керуен жолдары келетін.
Ақ мамық бұлты ұшқан,
Шұбырып түйелер өретін.
Күз,
Түркістан,
Кесене...
Сарғайып жапырақ мұңдарым,
Келдіңіз кесене нешеге?
Білуге болама бұл жағын.
Түркістан,
Кесене,
Күз...
Емдейтін жанымды өзің.
Қартайған шығарсыз сіз,
Түсінбей отырмыз біз.
Тағатын туысқан төзім,
Ооо қандай сезім!
Айтыңызшы күз!?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері