Өлі дүние елесі – Нарқұлан Райханұлы

Бұл бетте «Өлі дүние елесі» атты Нарқұлан Райханұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күзді идірген,
Ақ самал.
Құз күйдірген,
Тым ыстық.
Өлі дүние елесі,
Оранады тыныштық.

Қарашаның жаңбыры,
сіркіресе себепсіз.
Адамзаттың тағдыры,
Құмырысқаға керексіз.
Ал олардың тағдыры,
дерексіз…

Боз сөздер мен
Бос сөздер,
Билеп алған санасын.
Менсінбейді надандар,
Мекендеген есектердің қорасын.

Піл жусаған далада,
Тізесі жоқ адамдар,
Иіледі молаға.
Қалмаған соң заманда ар.

Көз жасына негрдің,
Қалып қойған шыбындай.
Соқпақтары өмірдің,
Мың құлашты бұрымдай.
Жетер ақыр түбіңе,
Тоқым қайғы тұлданған.
Қарағайдың бүріне,
Татымайды бұл жалған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері