Оралу – Нарқұлан Райханұлы

Бұл бетте «Оралу» атты Нарқұлан Райханұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Осыдан жеті мың жыл бұрын,
Қураған бассүйектердің,
Атақты ақсүйектердің
Тарихын талақ етесің.
Өзіңе ұнаса,
Шақырып қонақ етесің.
Торығып торы бұлт жыласа,
Ғұлама софы боп кетесің.
Сақидың бал татып,
Шарабы.
Тұл тағдыр,
Қара түнді қақ тіледі.
Бұл тағдыр,
Көбелек ғұмырыңның ғасырындай.
Жапалақ мұң əбжыландай
Көздері өткір еді...
Өмір сүре алмайсың жасырынбай
Тексізденіп тектілері
Құлжаның асығындай,
Табылмай барады.
Аспанды алақандай,
Жерді тебінгідей етіп.
Үйелеген көлеңкемен шектесіп,
Торғайды тарақандай етіп
Дəуірмен беттесіп
Түн үркіп,
Шағырмақ сəуледен
Күн мен түн
Кектесіп
Кетпесе жарады.
Барқыт түннің əуеніне,
Аспанның желіні сыздайды.
Қоңыр қыраттар,
Аңыздар айтады күз жайлы
Таусылмас сұрақтар,
Біз жайлы күллі, қыз жайлы...
Əмсесі ойымда,
Қиямет қайымда
Ақиқат алдында тұрақтар
Адамзат саналы...
Киіктің жонындай,
Асу да асу бел еді.
Тарих бүрлеген қорымдай,
Тəңірге табынған ел еді.
Қара түн күрсінсе,
Күрсінсін.
Болашақ біздерге сенеді,
Өткен шақ біздерден тарады.
Тағы бір
ғасырлық уақыт сіздерге келеді
Біздерден Ғасырлық күз аунап барады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оралу өлеңінің авторы кім?

Нарқұлан Райханұлы — осы өлеңнің авторы.

Оралу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оралу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нарқұлан Райханұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оралу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері