Адасу – Мерей Қартов

Бұл бетте «Адасу» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 533
Көңіл де,
Бесқасқам да ала қашып,
Тау ішінде адастым, қара басып.
Ай тумаған.
Айнала – тасқараңғы.
Суық үрей түнетті санама шық…
Жыны өргенде ат жалын желдің кәрі,
Тақым қызып,
Тебініп…
Жанның қамы.
Қия кесіп, көл кешкен секілденем…
Құзға барып тірейді жолдың бәрі!
Темірқазық бұғынып бұлт ішіне,
Түн үңілер бозарған түр-түсіме.
Обалар ма ұлыған қасқыр болып?..
Құмар ұрған Мартудың күлкісі ме?!..
Жаңылысып әдеткі ізгі ойымнан…
Қайың – қыздан айнымай!..
Қыз – қайыңнан!..
Есімді бір жиғанда,
Жапалақтар
Жарқыл-жұрқыл кетті ұшып құз қойнынан!..
… Мен солайша тау түнеп,
Таң асқанмын.
Арша иісімен ақылды аластадым.
Азап емес, кәдімгі ғажап екен –
– ат үстінде, Ай іздеп адасқаның!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адасу өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Адасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері