Лашынға
Бұл бетте «Лашынға» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бүгін де, кеше де, өткенде
Іздесең қателік көп менде.
Қауғадай басыма барлығы
Сірә да соқпай бір өткен бе...
Іздесен, қателік көп менде,
Сен бірақ түңілме, жек керме!
Лайсаң, жауындар, дауылдар
Болмай ма күн шуақ көктемде.
Өмірде кең, даңғыл жол қайда...
Дауылдар, жауындар болмай ма,
Бас қорғап жататын ондайда
Айтшы өзің, мен шымшық торғай ма?
Лайсаң жауындар, жауыңдар,
Жауыңдар, жауыңдар, жауыңдар.
Лай су шаймайтын арым бар
Дауылдан қорықпас жаным бар!!!
Іздесең қателік көп менде
Бүгін де, кеше де, өткенде,
Сен бірақ түңілме, жек көрме!!!
Қалқам мен, Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмын демедім, ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі құдіретім
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Мұқағали Мақатаевтың Лашынға өлеңі ұнады, рахмет!
Күшті
Кутты
Құтты болсын
Супер
Мұқағали ауырғанда,Лашын Мұқағали үшін арпалысқа түскенін көріп Мұқағалидің арнаған өлеңі қандай кім біледі?
Мұқағалидың өлеңдері өз өмірімдергідей сезінемін, жатқан жері жайлы болсын!
Мә мынаны менің апам жаттатқыхган есімде быр 5 жыл бурын