Осы емес – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Осы емес» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 598
Тиегін сырдың ағытармын мен,
Қалжың мен ептеп қағытармын мен.
Көкірегің кілтін таппаспын бірақ,
Жүрегің сенің бос емес.

Құбылып қанша киінгеніммен,
Қасыңда талша иілгеніммен.
Сол жан боп саған елестей алмаспын,
Қуғаның сенің бос елес.

Бір сылтау тауып тілдесермін мен,
Бір үмітпенен күн кешермін мен.
Тағдырым сені кезіктірген күн,
Ерте де емес кеш емес.

Мейіріміңе жылынып алам,
Түлейтін құстай тіріліп алам.
Кездесер күнді босқа аңсаймын мен,
Күткенің сенің осы емес!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Осы емес өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Осы емес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Осы емес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Осы емес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері