Өлең, жыр, ақындар

Соңында біз

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 847
Ғұмыр бойы сағынам?
Әлде бес күн?
Ерем бе әлде соңынан мәңгі елестің?
Еске алу бар, хош көру, жек көру бар,
Бірақ, саған мін тағар халде емеспін.

Жел соғады кешкісін мазамды ала,
Сүле- сапа қарайды бозаң дала.
Саған деген телегей сезімдегі,
Өсек деген бір түйір тозаң ғана!

Жанып жатқан кеудемнен сезіктенем,
Жүр деп бұған қалайша төзіп денем.
Сенен есеп алуға құлшынбаймын,
Сәттеріңнен ертерек кезікпеген.

Артта көктем, солда жаз, оңымда күз,
Бір тілегін қалқаның орындаңыз.
Тым бақытты ертерек болмасақ та,
Шын бақытты болармыз соңында біз...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сары қурай

  • 0
  • 0

Сары қурай сыбызғы кесіп алма,
Сағынба да сен мені, есіңе алма.
Өкінгенмен не пайда,өтеді өмір,
Іздеп келе алмаса есі барда.

Толық

Шешеме хат

  • 0
  • 0

Өмір бердің, бұрым бердің, бой бердің,
Жақсылармен бір жүрсін деп ой бердің.
Өрнек салып өтемін деп өлеңмен,
Түрлендіріп есін алдым сөйлемнің,

Толық

Мен қандай күй кештім

  • 0
  • 0

Саған деген сезімді,
Бір жолата қырқуға бекідім де,
Тістеріме тісімді бастым қатты,
Жүздерімнен жосылып жасым ақты…

Толық