Құмдағы мұң – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Құмдағы мұң» атты Мағиза Құнапияқызы жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 677
Қалшы меннен еріп алмай ерке мұң,
Тарттым алға тағдырымның желкенін.
Қарайлайсың келе ме әлде таныс жан,
Өткен шақтың елесімен өртедің.

Күн де ыстық, құм да ыстық, түн ыстық,
Көк аспаннан күзетіп тұр тыныштық.
Сенің бейнең оралды ойға тым ыстық,
Бәрі бәрін ұмытуға тырыстық….

Күйдірген күн, өртеген құм, тымық түн,
Кешіріңдер бәрі бәрін ұмыттым.
Ертеректе сол бір жанның көзінен,
Жүрегіме түсіп кеткен бір ұшқын….

Құм отынан тән азабы жеңілде,
Күн отынан тотығыпты өңім де.
Түннің оты шықтым сенде ұйықтамай,
Елес оты маза берші өңім бе?!

Бүктетіліп жатып қалған дөңестер,
Қош болыңдар айтылды сан кеңестер.
Мені сонша құм отынан қызғанған,
Қолын бұлғап қала берді елестер….

…………………………………………………………

Қабарласып қалады деп бүгін сен,
Өзіме өзім бал аштым.
Жүрегіме барар жолды білуші ең,
Қайсы маңнан адастың?

Сені күтіп өткізуге пейіл ем,
Қарашаның ақ таңын.
Жол ортадан шақырды ма бір дауыс,
Қайсы маңда тоқтадың?

Әлі талай ән салармыз бірдікте,
Салмайыншы байбалам.
Жапсам ба екен бәрін күйбің тірлікке,
Қос қолыңды байлаған.

Бір әнің ем деген жоқпын бітпеймін,
Таусылды ән, таң атты,
Кешірерсің бұдан ары күтпеймін,
Мен де өмірге қонақпын…..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құмдағы мұң өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Құмдағы мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құмдағы мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Құмдағы мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері