Тербетеді бір әуен

Бұл бетте «Тербетеді бір әуен» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 615
Өкінбеймін осылай кетеріме,
Мынау жұртпен келе алмай ымыраға.
Шөлдемеймін сендік ой жетегінде,
Жармасады басқалар құмыраға.

Күн көзіне төседім көңілімді,
Көлеңке іздеп басқалар үйге қашты.
Тербетеді бір әуен мені мұңлы,
Кеште бәрі ән салды, биге басты.

Көлге және шомылды, шомдым ойға,
Мұның бәрін сол бір жан сезді ме екен?
Қалмай қойды бір елес барсам қайда,
Әуре боп несіне келдім екен?

Алтын моншақ аспанға түйреп жатқан,
Жарық болып кеткендей кеш бірдемде.
Алты қырдан ары таман хабарласқан,
Дәл қасымнан дауысың естілгенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тербетеді бір әуен өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Тербетеді бір әуен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тербетеді бір әуен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тербетеді бір әуен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері