Қарындасым, Гүлзираш, айналайын

Бұл бетте «Қарындасым, Гүлзираш, айналайын» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған бауыр туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 928
Қарындасым, Гүлзираш, айналайын,
Кенеуі жоқ бұ тірлік жалған, айым.
Бүгін-ертең дертімнен сауығармын,
Бекер босқа мені ойлап болма уайым.
Тартып жүрміз тірліктің сыбағасын,
Айналсам ғой ақынға ғұлама шын.
... Жанарыңнан сөнбейтін жасын көрем,
Көкке өрлеген арманың құламасын.
Ұмытамын сырқаттың меңдегенін,
Мейірімге бұл күнде шөлдегемін.
Көңілімді келіпсің сұрай маған,
Пейіліңе мен сенің емделемін.
Көтеріліп қалдым ғой көрмесем де,
Алмасам да, ештеме бермесем де.
Барады озып уақыт алға самғап,
Гүлзира қыз, ендеше, өрле, сен де!
Жатар дейсің қашанғы сырқаттанып...
Сыйып кетер қайғым да бір қапқа анық.
Құлагердей мерт болсам арманым жоқ,
Алқа топтың алдында шырқап барып.
... Бермесем де, ештеме алмасаң да,
Келіп тұршы, Гүлзираш, анда-санда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарындасым, Гүлзираш, айналайын өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қарындасым, Гүлзираш, айналайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарындасым, Гүлзираш, айналайын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бауыр туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қарындасым, Гүлзираш, айналайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері