Туған күн – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Туған күн» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 934
Салатын сурет қолында бояу,
Мезгілден асқан бар ма екен күшті.
Тағы бір жасым ұйқылы-ояу,
Оң жамбасымен бір аунап түсті.

Арманға толы айларды арқалап,
Күдікке толы күндерді өткердім.
Көрсетпей қойды жүзіңді қалқалап,
Таусылмай қойды сағыныш-шекер мұң.

Мейірімімді минуттар бөлгенде,
Сезімге толы сағаттар келгенде.
Күлдім мен түбі қуансам бұлай,
Несіне сонша болдым деп шерменде!

Өңім қайсысы, түстерім қайсы,
Ажырата алмай қалдым ғой онша.
Тағдырым маған мынаны айтшы,
Бұл шақтарымның мөлшері қанша?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері