Жатыр едім тыныстап
Бұл бетте «Жатыр едім тыныстап» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тау төрінде тыныштап
Бойға ауасын сіңіріп,
Жатыр едім тыныстап,
Түн самалын сіміріп,
Жатыр едім албырап,
Тәтті ұйқыға тербеліп,
Құлағыма, ал – бірақ
Сылдыр-сылдыр үн келіп,
Кез ұйқыдан оянып,
Сергек сезім елеңдей,
Қосылып бір толғанып
Қыздар салған өлеңдей –
Жалт қарасам жақын кеп
Толқын көшіп бір дүрмек,
Кеудедегі ақынның
Өлеңіндей күмбірлеп
Өрден аңсап төменді
Таудың мөлдір бұлағы
Жыр шеріте жөнелді
Гүл бағына қырдағы...
Кең далама гүмбірлей
Менің дағы өлеңім,
Сол бұлақша дүрілдей
Жатса екен тез дер едім.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі