Қоңыр мұң – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қоңыр мұң» атты Мағиза Құнапияқызы жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 587
Кешке жақын баспалап кеп қоңыр мұң,
Көрпеге емес қоңыр ойға көмілдім.
Аңдып тұрып сен келмейтін мезгілді,
Бассалғанын сездің бе сен, не білдің?

Қайдан табам?
Қанатымды талдырып,
Кімге сеніп кеттің жалғыз қалдырып?
Көк сандыққа телміріп ем ғашықтар,
Жұптасып жүр сайран салып, сән құрып.

Көк сандықтан жан көрмедім жабыққан,
Мынау күйді бар деймісің жан ұққан.
Тұңғиыққа батып кетпей тұрғанда,
Жарқ етіп бір көрінсеңші балық таң!

Болсам ба екен жалыныңа жанып күл,
Бүйткеніңше жылатып кет, қамықтыр.
Күрең шайды құйып алып ішпедім,
Ошағымда көгілдір от жанып тұр…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыр мұң өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қоңыр мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыр мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қоңыр мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері