Жамбыл – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жамбыл» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 505
Әр табаны тиген жерді гүл басқан,
Ұлық пен де кішік пен де мұңдасқан.
Жыр көгінде жарқырадың жұлдыз боп,
Түнеріп ап жатқан кезде түнгі аспан.

Тап келсе де қилы-қилы заманға,
Жырлап өткен шабысынан тынбастан.
Сәттібайдың жайлауында сәтті күн,
Туылған ұл мұзбалақ боп шыңды асқан.

Көкке өрледің айтыс сайын дес бермей,
Әріптестен ұсқын кетіп сұр қашқан.
Таза маржан лағыл жырды ағыттың,
Көңіліңді кездері жоқ кір басқан.

Жолбарысты жүгендеген киелім,
Намазға ұйып шариғатты бұзбастан.
Егілсең де елмен бірге егілдің,
Соғыс жылдар.
Жұрт көңілін мұң басқан.

Атқандығын көрмей кеттің мына таң,
Азат бүгін бар қазақта бір Отан.
Екі дүниеде мекен болған басыңа,
Жырмен сәлем беріп тұрмын жыр-атам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жамбыл өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Жамбыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жамбыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жамбыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері