Гүл бар ма мен теретін – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Гүл бар ма мен теретін» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 574
Гүл бар ма мен теретін құба белде,
Жатыр ма мені күтіп бұла көл де?
Құдай-ау шексіз сүйетіндігімді,
Қойып ем қашан айтып мынау елге?

Сағыныш санам толған сыртым аман,
Жан едім жан жүрегі шырқыраған.
Асығыс өре салған бұрымымнан,
Шықты ма жусан ійсі бұрқыраған?

Тақпайды кйелі епге кінәні адам,
Өкпелеп пенделерге жылап алам.
Тамшылар көзден тамған қойды ма айтып,
Бір кезде кеткендігін бұл арадан?

Гүл барма мен теретін құба белде?
Жатыр ма мені күтіп бұла көл де?
Құдай-ау шексіз сүйетіндігімді,
Қойып ем қашан айтып мынау елге?І


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүл бар ма мен теретін өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Гүл бар ма мен теретін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүл бар ма мен теретін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүл бар ма мен теретін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар