Аңыз – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Аңыз» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 604
(1776)

Қуғын монах жүрген қаңғып сап, құмда
Кездесіпті ешкіаяқ бір маймылға.
Фавн-маймыл сонда одан сұрапты:
«Көрсем деймін мен де рақат жұмақты,
Үй ішімді қосып мені дұғаңа,
Айтшы бізді көкке апар, деп хұдаңа».
Сонда әулие оған жауап қатыпты:
«Жоқ, мен үшін қауіпті бұл сұрағың,
Мен сен үшін дұға қылман, шырағым.
Кіре алмайсың жеті жәннат біріне,
Ешкіаяқ-ау, қарасайшы түріңе».
Деді Фавн, сөздің соңын тоспай-ақ:
«Жә, жарайды, мен болайын ешкіаяқ!
Жүр ғой жүр есекбастар талай мол,
Сол жұмаққа табады олар қалай жол?»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңыз өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Аңыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері